04.08.2021
172
Қорқыныш
Бiр өлеңдi жазып тастап марқайып,
Көңiл өсiп жатырғанда шалқайып –
Күдiк итiң түрте-түрте оятты,
Қорқыныш қой.. Тұр алдымда талтайып.
Қорқынышым - өлеңiмнiң тағдыры,
Ал өлеңiм – жан мен сезiм сан жыры.
Сол пәленi қағып өтсем аржағы,
Мүмкiн маған күлiм қаққан таң нұры?..