04.08.2021
  138


Автор: Сайын Назарбекұлы

Сыр

Жолда қалған елімнің жүктері бар,
Жігіт болсаң – ізде, тап, бөктеріп ал.
Сөгілгенше қабырғам арқалаймын,
Көре алмассың ұлыңның төккенін ар.
Қорықпаймын ауыр деп арқамдағы,
Қайта ма деп қарындас қорқам бағы.
Мен, бір, көнбіс мініске қара нарың,
Жүре шалған ащыңды сортаңдағы.
Ере берем соңыңнан күй таңдаман,
Жампозыңмын індерден бұлтармаған.
Соқпағымен атаның тарта берем,
Адастырып кетпесе "қутаң" заман.
Ауыр жүгің көп болса мақтанамын,
Борбасармын, сатпайтын жатқа жанын.
Жете алмасам – бел кетіп, қомым ауып,
Аянды деп даттамаң, ақтап алың.





Пікір жазу