04.08.2021
  156


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ақыл

Ошағыңның отын жақ,
Қосағаңның қасын бақ.
Ұл-қызыңды әлпеште,
Қамын ойла сосын жат.
“Әуелi-тек басыңа,
Қала бердi-досыңа” –
Айтылмаған көп заман
Нағыз ақыл осы ма?..
Жасадың ба кiсiлiк,
Көрсеттiң бе кiшiлiк?
Басқа қонған бағыңды
Алмадың ба ұшырып?
Шарап молдау iшiлiп,
“Тоны шағын пiшiлiп”,
Көп жiгiтте, асылы,
Жетпей жатыр түсiнiк.





Пікір жазу