04.08.2021
194
Ата мақалы
Оң қолың ұрыс бастаса
Сұрасын сол қол араша.
Мүмкін бе айту басқаша
Бейбітшіл жанға сыр аша.
Не деген ойшыл ел еді,
Маржанын сөздің тереді.
Көзіне сенбей кей-кезде
Мақалға ғана сенеді.