04.08.2021
  214


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ауыл ақсақалы

Үлкен бапам Айдарбекке.
Отаны изен, жусан, ажырықтың –
Аулымда тіршіліктің сазын ұқтым.
Сол жердің киесіндей бір ақсақал
Жарықтық, тоқсан жаста, әлі тып-тың.
Қарайды көкжиекке көзін тігіп,
(Сөз тыңда жан-тәніңмен төзіп жігіт).
Сұңғыла, дәл осындай көре алмаппын,
Жартысын жер шарының кезіп жүріп.
Таулардың – Шерқала мен Айырықтың,
Тағы да басқалардың жайын ұқтым.
Дәметем жаңа әңгіме, тастай ма деп,
Қысқартып келтесіен қайырып тым.
Жарықтық, әлі тып-тың тоқсан бесте,
Ілескен, кейде әдейі, ермей көшке.
Сурылып төр ортада соғып отыр,
Жүйрікке талай тарлан бермей десте.





Пікір жазу