04.08.2021
  164


Автор: Сайын Назарбекұлы

Көңіл

Алға тартса пасықтар жамандықты,
Мен келемін ұран ғып адамдықты.
Кей жігітті, қайтейін, бай табиғат
Жақсылыққа, қан шықпас, сараң ғыпты.
Сөз сөйлеймін былғамай басқа жанды,
Пайғамбарға теңеймін жақсы адамды.
Көңіл деген дария сарқылмайтын,
Жек көремін сөккенді, жасқағанды.





Пікір жазу