04.08.2021
  289


Автор: Қанат Ислам

Қанат ағамызға

Ел мақтаса болмайсың жаман бала
Елің сенім артады саған ғана
Жеңіс туын желбіретіп осы орайда
Бір қуаныш сыйлашы Қанат аға

Рухы биік, намысты өр тұтатын
Қайсарлықты қастерлеп жандыратын
Бойда күші, жігері жалындаса
Арыстандай айбатын шақыратын

Біз осындай халықпыз текті тұған
Атамыз əлмисақтан батыр болған
Бүгінгінің бір батыры Қанат деп ем
Кешегі өр тұлғаның ізін қуған

Бақ пен бағың тоғысып бір арнаға
Жеңіске жетер жолда жаңылыспа
Қазақтың қайсар мінез халықтығын
Бір танытып қойыңыз қарсыласқа

Патрикте келіпті жеңемін деп
Батырлардың еліне қонақ бола
Өзіңе жүктеп алдың ауыр міндет
Көтералмай жүгіңді қапы қалма

Автор: Дəулет Мұхаммед





Пікір жазу