03.08.2021
412
Сыр
Ұйқысыз таңды атырсаң
Жан досыңмен сыр аша.
Тыныштық бермей отырса
Қос сұлу қалған оңаша.
Күлімкөз болса біреуі
Әзілі ерке жарасқан.
Сейістің арман, тілеуі
Бедеудей жүйрік таң асқан.
Белі қыпша үзілген,
Сақтаншы көзден сүзілген.
Үлгермей қалсаң кетпейді
Жымысқы күлкі көзіңнен.
Ұтымды сөйлеп әзілмен,
Әр сөзден ақыл сезілген.
"Ағажан" деген ақырын
Көремін балдай сөзін мен.
Біреуі болса еркелеу
Наздана жаяр құшағын.
Толысқан сәл-сәл ертелеу
Қозыға даяр пышағың.
Омырауы салпы емес,
Сезімге құштар, тағатсыз.
Болмаса көнтік күн тимес,
Табасыз ғой тоят сіз.