02.08.2021
  260


Автор: Сайын Назарбекұлы

Тау бұлағы

Моп-момақан қарасаң келбетіне,
Күз өткен соң есейіп, ержете ме?
Ұйқылы-ояу жатқаны тау еркесі
Ақ бесікте, бал-бөбек, тербетіле.
Шәкірттей ме тап болған ұстазына?
Аяз әлде айтпа деп қыстады ма?
Ән салуын қойыпты тау бұлағы,
Шаттық дәурен басынан ұшқаны ма?
Араласқан бұл іске қандай құдай,
Айрылыпты жынынан, болып, жұрдай.
Жылайды әлде, солқылдап, не күледі,
Көрпе астында булыққан тентек ұлдай.





Пікір жазу