Тек жан аламын ..
Қазақтың бір олигархы қатты ауырып, о дүниеге жүрейін деп жатады. Жан алуға Әзрейл келеді. Оны көрген олигарх:
– Сен кімсің? Күзетшілерден қалай өттің? Мен сені қазір қаматамын!
– Кімді-кім қаматады оны көреміз. Алдымен иманыңды үиір. Мен жан алғыш Әзірейлмін! Сенің жаныңды алуға келдім.
– Әз-еке! Жанымды алмашы, жалынамын! Не қаласаң соны берейін.
– Мына бес қабат сарай сенікі ме?
– Иә,менік, соны аласың ба?
– Ана алпыс қабат қонақ үй сенікі ме?
– Иә,менікі, соны аласың ба?
– «Майшелпек» халық аралық банк сенікі ме?
– Иә, менікі, соны аласың ба?
– Атраудағы алты мұнай сорғыш мұнара сенікі ме?
– Иә, менікі ,соны аласың ба?
– Арқадағы алты миллион гектар жер сенікі ме?
– Иә, менікі, соны аласың ба
– Осыншама байлық әкеңнен қалды ма? Қайдан алдың? Жауап бер сұраққа. Шындықты айт!
– … Бәрі алып жатқан соң… мен де.. ептеп…
– Ептеген дерің мынау болса, «ептемегендеріңдікі» қанша сонда! Мұның бәрін халықтың қазынасынан ұрладыңдар -ғой. Сен күнәкәрсің. Тозаққа барасың. Иманыңды үйір, жаныңды аламын!
– Жан алғыш Әз-еке! Келісейік. Осының бәрін сен ал! Тек жанымды ала көрмеші ?! Жалынамын!…
– Ақымақ! Осынша байлық жинамай, ден саулығыңды күтпедің бе? Байлығың саған арашашы бола алмайды. О дүние саған пара беріп құтылып кететін сендердің Қазақстаның емес! Біде тәртіп қатты! Мен пара алмаймын, жан аламын! – депті, Әзрейл.