02.08.2021
108
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-2.jpg)
Адамның бәрі адам, бәрі адам
Адамның бәрі адам, бәрі адам:
Жасы да, ақылдысы, кәрі, надан.
Батыр да – аямайтын қасық қанын,
Қорқақ та – қастер тұтар пасық жанын.
Адам бар адам атақ тақса дағы –
Боқ тергіш, тере берер тапса тағы.
Жақ ашпас тұңғыш ұлы туған тойда,
Әйтеуір күні батып, атса таңы.
Адам бар – бәйге жарыс жорғасындай,
Қанағат – бір тойғанды олжасынбай.
Суатта күзет тұрып шөл қалатын,
Архардың ай мүйізді құлжасындай.