02.08.2021
  115


Автор: Сайын Назарбекұлы

Қара жұрт

Көң иiсiңдi, қара жұрт, сағындым ба,
Алдым қамшы сапталған тобылғыға.
Мұң шағар деп ескi жұрт кiм ойлаған,
Тiл бiтер деп Шектiбай, Шағыл құмға?!
…Құлазимын кеткесiн безiп ұл-қыз,
Жатқан жәй бар, ескi жұрт, төзiп ал бiз.
Таптың ба әлде жерұйық, таппадың ба.
Не iздейсiң сен бүгiн кезiп жалғыз?
…Май топырақ тобықтан кешiп келем,
Андап басам, мен неге сезiктенем?
Тағыланған сезiм ғой, шошып қалдым
Кесiп өткен алдымды кесiрткеден…
Тоқтай қалды, алдымды кесiп өтiп,
Сұрайтындай таң қалып, есi кетiп:
“Көптен берi соқпадың, тойындың ба,
Басқа жердiң дәм-тұзын несiп етiп?”...





Пікір жазу