02.08.2021
150
Үстірт жолдары
Шексіз, шетсіз не деген жол шаңдатқан,
Қанша, қанша менен бұрын жан басқан.
Ен далада көзге түсер көде жоқ,
Анда-санда жолды кесе аң қашқан.
Мен арбакеш, жол бастаушы ағамыз,
Тапсырма алған – қора, жайын қараңыз.
Кеше айтқан, шопан үйі осы жер,
Зырылдатып кәзір жетіп барамыз.
...Төмпек жатыр жиегінде тақырдың,
Моласы ма шөлден өлген пақырдың?
Кім біледі, әлде мұмкін мүрдесі,
Ел айырған, жау қайырған батырдың...
...Қанша, қанша менен бұрын жан басқан,
Дәл осы жер, мүмкін бабам қан шашқан...
...Мүмкін менің дәл кәзіргі өмірім,
Шешілді ме жарқылынан алдаспан...
...Шетсіз, шексіз не деген жол таусылмас,
Асыққаннан іше алмайсың таусып ас...
...Ғажап! Қалай бірін-бірі тапты екен,
Маң далада жауласуға қас пен қас?..