01.08.2021
  143


Автор: Сайын Назарбекұлы

Жұмыр жер сенің бесігің

Жұмыр жердің бесігіне бөлендің,
Ұлы, қызы жер емшегін тел емдің.
Барлық адам туыс маған көрінер:
Ақ-қарасы, жас-кәрісі әлемнің.
Арман етем араласам әлемді,
Қыссам қолын, көрсем жүзін не өңді.
Шақырсам мен шын жүректен қонаққа,
Ақтарып бір жатқан сырды тереңгі.
Дөңгелек жер сонда болар бесігің,
Ашсаң егер өз үйіңдей есігін.
Бірақ маған бұйырса деп тілеймін,
Туған жерден жатар мәңгі тесігім.





Пікір жазу