01.08.2021
  157


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ұйқыңды қишы бір түндік

Ұйқыңды қишы бір түндік,
Сырласып сандық ашайық.
Кешірші мені еркінсіп
Бақыттан кетсем масайып.
Күлкіңді маған арнашы
Жанармен жарқын нұр шашқан.
Қолымды менің алмашы,
Беліңнен аңсай бір құшқан.
Махаббат маған сыйлашы,
Сыйлашы маған ұл-қызды.
Зорлашы, мені қинашы,
Ұстат деп айды, жұлдызды.





Комментарии

Мұқанов Шархан
Мұқанов Шархан 17.05.2023 22:14
Ұнады ұйқың қишы өте нәзік сыпайы түсінікті

Пікір жазу