01.08.2021
  143


Автор: Сайын Назарбекұлы

Қайырым, пейіл тапшы боп

Туғанда басқа зобалаң,
Кешегі достар таптырмай –
Ойлаймын олар обалын,
Азамат атын жатты ұрлай.
Жат болып анық кетіспей,
Сезім жоқ және ізгілік.
Жанашыр сөзі жетіспей,
Ұяттан қалдым мен күліп.
Достарым менің қайдасың,
Пейілге ғана мұқтажбын.
Қайырым шіркін қайдасың,
Сезімге ғана мұқтажбын.
Қысылшаң кезде, деседі,
Заманда болған кешегі –
Шұбырында ақтабан,
Пейілін халық сақтаған.
Кешегі қайда адамдар
Орынды сөзге тоқтаған?
Жесірдің жоғын жоқтаған?
Қайырым қыл деп қақсаған!
Қайырым, пейіл қасиет
Етіп жүр кәзір тапшылық.
Көбейіп кетті нас ниет
Күзетке тұрың сақшылық.





Пікір жазу