01.08.2021
  126


Автор: Сайын Назарбекұлы

Ыстық-Ата өзені

Басып-жаншып бір-бірін аласұрып,
Ақ толқындар асыққан жан ұшырып.
Көрінгенмен сұрапыл, соқыр күш боп,
Дейді, байке, бұнда да бар тіршілік.
Тіршілігі – алтындай балығы бар,
Суын ішсең денеңе дарыған нәр.
Мәңгіліктің белгісі бұл өзенде,
Толқын соғып әндеткен қойтасы әр.
Даусын тыңда, қарағым, бұл өзеннің,
Тауына шық, қабылда күннің көзін.
Алтын тамыр қазып же, қымызын іш,
Сонда толар бойыңа жастық сезім.
Араладым армансыз шыңын, құзын,
Таттым талай қырғыздың дәмін, тұзын.
Қайттым елге, сезіммен көкіректе
Қоштасқандай қия алмай туған жерін.





Пікір жазу