01.08.2021
  123


Автор: Сайын Назарбекұлы

Өмір өткелдері

Арманымсың, күнім деді бозбала,
Құшағына кіре түсті қыз бала.
Өшіп барам, ая мені, сәулешім
Жігіт түгіл есер желден қызғана.
Бақыттымын, жаным дейді күйеуі,
Келіншек те жанын-жарын сүйеді.
Бақыт нұры осы ошақта тұнып тұр,
Махаббаттай қамқоры бар киелі.
Әйелім-ау неге теріс қарайсың,
Мас емеспін, аздап қана ішкенмін.
Еркегіңді кеше салсаң жарайсың,
Жоқ еді ғой менде бұрын өшпендің.
Тыңда мені, сүйген бұрын жан жарым –
Ары менен махаббатын кім ішкен?
Тастаймын деп талай мені алдадың,
Тұтандырып үміт отын мың өшкен.
"Керек болса сен үшін аспан-айды
Алып берем, жүректі жарып берем" –
Деген сөзді ол енді аңсамайды …
Жасы жетпей келіншек ақ самайлы...





Пікір жазу