01.08.2021
259
Кешірім
Ғашық болған Еңлікті Кебекті –
Қоғам заңы қорғамаған себепті –
Заманының кешірімсіз бір биі,
Құйрығына аттың байлап ез етті.
Кешіру не, қаталдық не – білеміз.
Ой тоқтатпай өмір сүріп келеміз.
Жалғыз қалған, жарты қалған көп неге,
Ерлі-зайып болсадағы ол егіз.
Қатты күлсе шапалақтап баланы,
Сәл зат үшін беттен алып ананы –
Неге ғана кешіре алмай жан досты,
Болмашыға жыртысамыз жағаны?..
кешірім махаббат кешіру Сайын Назарбекұлы Сайын Назарбекұлы шығармашылығы Сайын Назарбекұлы өлеңдері