01.08.2021
112
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-2.jpg)
Айлы түндегі ой
Мұнартады, ай, әлде неге жабыққан,
Мейір жетпей Жер-ана да тарыққан.
Толтыра алмай кенеріне Каспийді
Еділ, Жайық - екі жақта қамыққан.
Тарыққанмен Жер-Анасын тастамай
Гүлдеп тұр ғой адыраспан, қасқам-ай.
Изен, жусан тас бауырдан нәр алса,
Не іздейсің, орнында ғой аспан, ай.
Өсіріп ең ұлдарыңды жасқамай,
Содан, солар бас имеген басқаға-ай.
Абылдар мен Қашағанды тудырған
Айтшы кәне, атын жердің басқа, қай…