01.08.2021
  101


Автор: Сайын Назарбекұлы

Сырласу

Тұрпайылау болғанмен түрім менің
Түсінсейші, жан досым, жаным нәзік.
Сенің маған наз айтар бар ма жөнің,
Айтқызбай-ақ жүрекпен тұрам сезіп.
Дәметесің кей-кезде ыстық сезім,
Сағынасың шалыңның жылы сөзін.
Білсем дағы, жүрекпен сезсем дағы,
Егде тартып кеттім ғой менің өзім…





Пікір жазу