01.08.2021
209
Жастарға
Осы өмірден өз орныңды алдың ба?
Сәулеленіп арман тұр ма алдыңда?
Жүре беріп сілтеуімен біреудің
Әлде шығып өз жолыңнан қалдың ба?
Ақылға сап ойлап қалсаң кей-кезде
Мәні кетер байлықтың да, малдың да.
Есептей бер босқа кешкен ғұмыр деп
Асқақтаған тұрмаса арман алдыңда…