01.08.2021
  133


Автор: Сайын Назарбекұлы

Нөсер

Көкшіл теңіз… толқындарға жарылып,
Көздің нұры шексіз бұлттан жалығып.
Бір пәлені сезгендей ме мына тұт,
Дірілдейді қара терге малынып.
Долылықты салыстырып теңізбен
(Қауіп-қатер әр уақытта егіз бе ең?).
Шатыр-шұтыр сынды кенет найзағай,
Өзін аспан атойшысы дегізген.
Жарқ еткенде аспан асты жарылып,
Көк-жарықтан жанар қалды қарығып.
Дәл сол сәтте құйып кетті бұрқырап
Шелек-шелек қара нөсер ағылып.





Пікір жазу