01.08.2021
152
![](/uploads/shorttexts/author_image/esd-ulet[3].jpg)
Ақыл тiсi шықса да ақыл кiрмей
Ақыл тiсi шықса да ақыл кiрмей,
Ақылдыларға жақын жүрмей,
Бiр дұшпанының атын бiлмей,
Ақымақ болған қайран басым,
Мүшел жасқа кеп ойланғасын -
Не сорым?
Ой бағып, қой мен қозы бақпай,
Құлағы барға сөзi жақпай,
Ақ пен қараны ажыратпай,
Адасып баққан соқыр басым,
Мүшел жасқа кеп опынғасын -
Не сорым?
Жалғанды жалпағынан басып та өткен,
Қызуының қайнарын шашып-төккен,
Қызықтың да қақпасын ашып кеткен,
Кiсiнi менсiнбес құмай басым,
Мүшел жасқа кеп мұңайғасын -
Не сорым?
ақыл ақылды ақымақ сор Ұлықбек Есдәулетов Ұлықбек Есдәулетов шығармашылығы Ұлықбек Есдәулетов өлеңдері