01.08.2021
661
Тұсаукесер жыры
Алатаудан алдырған
Ала қойдың жүнiнен,
Қаратаудан алдырған
Қара қойдың жүнiнен
Ала жiптi есейiн,
Тұсауыңды кесейiн,
Айналайын ақ бала,
Ала жiптен аттама.
Тұсау кестiм, құлама,
Жығылма да жылама.
Құлдыраңдап жүгiр де,
Ешқашан да сүрiнбе!