meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  29.07.2021
  204


Автор: Сырбай Мәуленов

М. Ю. Лермонтовтан

Жасырам дүниенің бәрінен мен,
Жанымның жұмбақ сырын мәлімдемен;
Қалай сүйдім, не үшін мен азап шектім,
Қазысы жалғыз құдай арым менен!
Ақтарып екеуіне қайғы-мұңды,
Күтемін өздеріннен қайырымды,
Үкімін менің үшін бере берсін,
Қайғылы кім жасаса тағдырымды;
Аяқтан надан шуы шала алмайды,
Ешбір даң асқақ жанға сала алмайды.
Мейлі теңіз толқыны шулай берсін,
Жартасты жабылғанмен ала алмайды;
Маң дайы сол жартастың бұлтқа ұласқан.
Қос дүлей мекені оның бауыр басқан.
Дауыл мен найзағайға тілдеседі,
Басқаға күні жоқ қой сырын ашқан.





Пікір жазу