29.07.2021
  151


Автор: Сырбай Мәуленов

Жол дәптері

Жол дәптері жанымның
Жазылмаған беттері.
Бар онда Алтай тауының
Асулары, өткелі.

Ең алғашқы жыр болып,
Түсті бұған жел ізі.
Жатты желмен бір қонып,
Бұқтарманың теңізі.

Кереметті көп көрдім,
Жатты сырлар туындап.
Қанатындай кептердің,
Ашылды бұл суылдап.

Бетіне көбік шашылып,
Шомылды жасыл жаңбырға.
Алматыда ашылып,
Сөйледі қайта алдымда.





Пікір жазу