29.07.2021
  154


Автор: Сырбай Мәуленов

Қырғыз тойында

Қабыл ал сәлем, жігіттер
— Алаулы сөзді қырғыздар,
Қабыл ал сәлем, шыбық бел
— Аяулы көзді гүл қыздар.

Қабыл ал сәлем, қариялар,
Шыңдардай басын қар басқан.
Қөңілі даңғыл дариядай
Бүгінгімен жалғасқан.

Қабыл ал сәлем, аналар,
Ұйықтатып жатқан жұлдызды.
Қабыл ал сәлем, балалар,
Гүл иісті, күн жүзді.

Бұл сәлем — қазақ сәлемі
Қырғызды сүйген жанындай.
Ғажап көл, ғажап таң елі,
Жасай бер ұзақ тауыңдай.





Пікір жазу