28.07.2021
  315


Автор: Абай Қалшабек

Жетімнің мұңы

Мұңы бар көздің қарашы,
Көмескі боп тұр қарасы.
Жанын жеген жарасы,
Өмірге айтқан наласы:

Салқын үй, салқын адамдар,
Ызғарлы, суық қоғам бар.
Тыңдаңдар мені , достарым,
Сендерге айтар налам бар:

Мені де адам санаңдар,
Адам деп маған қараңдар.
Адамға мені балаңдар,
Ақ жүрек, арлы  адамдар.

Тастады мені анашым,
Жаулаған арақ санасын.
Жануарлар да далаға
Тастамайды екен баласын.

Жайым бар менің езілген,
Мөлдір жас тамар көзімнен.
Қалайша анам айрылған,
Аналық асқақ сезімнен.


Мұңы бар көздің қарашы,
Көмескі боп тұр қарасы.





Пікір жазу