28.07.2021
  157


Автор: Индира Кереева

ХАТ

Қал қалай,


өмірдегі сағынышым?


Хат жазбауға жетпеді тағы күшім.


Сені Өзім іздеймін,


сол себепті,


Хабарласып тұрсайшы жаным үшін.


 


Жақсы ма тірлік күнің,


қалай бәрі?!


Ақыныңның жанбай жүр оңай бағы...


Өзіңе хат жазбаймын деп ант беріп,


Ұмытам деп жасап ем бар айланы:


 


Бәрібір!


Сағынышым жоғалмады. Содан ба,


дегбірімнің тоналғаны?!


Қасымда қаптап жүрген көп қазақтың,


Бірі де дәл өзіңдей бола алмады...


 


...Қатені тізіп қойып ісімдегі, Жек көрші,


менмендігім үшін мені.


Жанымда жырлап жүрген көп ақынның,


Бірі де дәл өзіңдей түсінбеді...


Жә, қойшы... Өзіңді айтшы,


аманбысың?!


Өзіңсіз тереңдеттім жарамды шын. Өзімді ұмытып ем,


бірақ сені,


Ойламауға жетпей жүр шамам, күшім.


 


...Дедім де хатты салып конвертке,


Көңілімді лақтырдым лағынетке.


Содан бері жыл өтті.


Жауабың жоқ, Жүрек өлді.


Селқоспын.


Жаным өртте...





Пікір жазу