28.07.2021
164
СӨЗ
Екі күнде емделу?! Қиын, жаным...
Есі танған тапсырдым санамды Арға.
Екі тәулік бақыттың бұйырғанын,
Екеуміз де ұғындық...
Амал бар ма?!
Екі жүрек.
Екі күн.
Бір еңіреу...
Айта алмайды сезімге ақыл да сын;
«Есі ауысқан жан» дейді мені біреу,
Елесіңе сүйсініп отырғасын...
Тағы отырмын көз тігіп жолға мұңды,
Сен жетектеп келердей арманымды.
Түсінемін:
қат шаруа қабаттасып,
Қоңырау да соға алмай қалғаныңды.
Жамандыққа қимайды ар дәйім бір, Білемін ғой,
сеземін ыңғайымды.
Түсінемін,
уақыт жоқ,
сондықтан да,
Сұрай алмай қалғансың жағдайымды.
Есім ауса,
құрып бар тыныс, әлім,
Елесіңді сыйлайды ұры сағым.
Жылаған жүрегіме жекіп тастап,
Түсінуге тағы да тырысамын.