28.07.2021
242
![](/uploads/shorttexts/author_image/ljz7ysbsvmi.jpg)
БЕЛГІСІЗ ӘНШІ
Өзі жұмбақ,
жағымды болса да әні,
Баурап алды көңілді,
жан,
сананы; Күнде кешке...
Белгісіз бір нөмірден,
Бір жігіт гитарамен ән салады.
Тулаған жүрегімді аяп әрең,
Мүлгиді мені тербеп ояу әлем.
Тыңдап тұрам:
тұтқадан төгіледі, Терең көңіл.
Күрсініс.
Баяу әуен.
Тағы міне... Гитара.
Жігіт үні;
Белгісіз жан беймәлім сыры, түрі.
Гитарадан төгілген қоңыр дауыс,
Құлағымнан кетпейді
Күнітүні.