28.07.2021
  194


Автор: Гүлжамаш Жаманбалаева

Жанар апайға

Алтын ұя мектебіммен қоштасып,  
Университет қабырғасын  аттадым.
Өзім  сүйген мамандықты қолға  ап,
Ары қарай  оқуды  оқи  бастадым.

Қазақтың   қарапайым, сүйкімді,
Салиқалы , сабырлы, мейірімді.
Жан едіңіз жанымды  баурап  алған,
Білесізбе, сіздей болсам, деп жүргенімді.

Қуанамын, күлемін, мақтанамын,
Разы  болып, өз-өзімнен  шаттанамын.
Біздің  топ  тәрбиешісі  осындай  деп,
Әркімге  де   сырымды  ақтарамын.

Жанар  апай  не дер едім, мен сізге,
Апай  емес, әпке  десем  болар меді ,
Мейлі апай, мейлі әпке  болсаңызда,
Төрт жыл бізбен  болыңызшы  жарайды ма?

Басыңызға бақ  құсы  келіп  қонсын,
Ақ  періштелер желеп-жебеп  жүрсін.
Бес күндік  мына жалғанда тайсалмастан,
Өмірде  әрқашан да жолыңыз  болсын!





Пікір жазу