26.07.2021
134
![](/uploads/shorttexts/author_image/2022-05-21-23-05-40[1].png)
Есіңе ал
Болдың ба сен Волховта,
Көрдің бе оның орманын
Сол орманның әр талын
Өз жанымдай қорғадым.
Январьда, майданда
Ақ денемнен тамды қан.
Алып соқтым ажалды
Алдымды орап аңдыған.
Қара елтірі бөріктей
Қалың нулы орманда.
Есіңе ал мені, уа достым,
Жолың түсіп қонғанда.
1943
Волхов есіне алу орман сырбай мәуленов Сырбай Мәуленов өлеңдері Сырбай Мәуленов шығармашылығы Есіңе алу