26.07.2021
  128


Автор: Сәкен Иманасов

Тамсантып түгел таңдайда еріген

Тамсантып түгел таңдайда еріген,
қандай әдемі, қандай керім ең.
Қандай берік ең, —
қасымда жүріп,
қапы қалдырдың —
алдай беріп ем!...
Жаным да бірге жандай көріп ем,
қандай төзімді, қандай берік ең,
жалғай келіп ем үмітімді үзік,
күні-түн қызып,...
қанбай келіп ем,
Қандай әдемі, қандай көрікті ең,
арамыз сонша шалғай неліктен,
алдай келіп пе ең, апыр-ай, мені
алынбас өшің бардай
кеміткен!
Алдыра қойсын арман қай елін!
Үріп ауызға салғандай едің,
тірі бауыздап өттің де бүгін,
кеттің бе, күнім?
Қандай бала едің!
...Армандай едің!





Пікір жазу