26.07.2021
  142


Автор: Сәкен Иманасов

Тынышын ап түйменің

Тынышын ап түйменің —
шешініп те киініп,
бұрала кеп биледің —
жүз бүгіліп, иіліп,
бұлт астынан жарқ етіп шыққан күндей қабағың
қас-қағымда қайтадан қатулана түйіліп...
Екі иығың тұманың тұнығындай бүлкілдеп,
сынадың-ақ, —
сынадың, —
қытығың кеп,
күлкің кеп,
сөйлегенің,
күлгенің жұтындыра қаусырып,
төзімім де таусылып бара жатты біртіндеп...
Қарадың ба кекетпей —
соның өзі жақсы ырым,
айтқаныңды екі етпей орындадық, тақсырым!
...ырғағыңды үдетіп,
үдетіп кеп,
құдай-ау,
біржолата құлы етіп кеткенің бе нәпсінің?!





Пікір жазу