26.07.2021
  169


Автор: Сәкен Иманасов

Ауызға ала бергенге ел кешегі

Ауызға ала бергенге ел кешегі,
жақсы көре бастап ем мен де сені,
інілердің ішінде
жоқ па деп те
ойлаппын-ау өзіңе теңдесері.
Көңіл азып селтеңі, серісінен,
бөліп алып өзіңді көп ішінен,
түбі терең мұңымды саған шағып,
шынымды айтып сырымды бөлісіп ем.
Өзі деппін өрелі өр кеуденің,
жоқтығын да білесің тергеуге ебім, —
күнә шығар жаманды жаман демеу,
жақсылығын кісінің кермеу де мін!





Пікір жазу