26.07.2021
  270


Автор: Сәкен Иманасов

Қамар 40 жасқа толғанда

Ағайын-жұртқа татымды
Ару болсын деп ақылды,
Осыдан қырық жыл бұрын
Өзім қойып ем атыңды.
Өмірдің өттің өр-шелін,
ақталды бүгін сол сенім.
Кім екеніңді бүгінде
Танып та болды ел сенің.
Қостым деп сені қатарға
Кешегі Жұпар апаң да,
Риза болып өзіңе
Аттанған алыс сапарға.
Қамар да Қамар, Қамар-қыз,
Қандай бір кінә тағармыз.
Баз-базда балуан жігіттің
Жүгін де артамыз саған біз.
Төріңе толған мынау көп
Ойлаймын біліп жүр-ау деп.
Аузыңа сенің тұр қарап
Атаңнан қалған бір әулет!
Көбейіп бақша-бағарың,
Азаймасыншы аларың.
Маңдайымызға бұйырған
Сүйкімді қалқам – ҚАМАРЫМ!





Пікір жазу