26.07.2021
  179


Автор: Сәкен Иманасов

Ит жоқ жерде

Ит жоқ жерде —
шошқа да үріп қораға,
би жоқ жерде
құл жүреді жораға, —
керуен біткен кері айналған тұста бұл
аңдып тұрып,
алға түспей бола ма?!
Қорлана кеп нала,
жала,
құсаң да,
қыстығып ең,
қанатың жоқ ұшарға,
көз жасынды көрді, білем, жасаған,
тілеуіңді берді, білем:
түс алға!
Қара құлдай
қайтып алған тендігін,
елден озып шыға келдің сен бүгін,
қас-қағымда жиғандайсың есінді,
болам деп те қиналмайсың... енді кім.
Төрағасы боласың ба Кеңестің,
беттен қағып,
бедірейер жоқ ешкім.
Тіл табысып
күлгендермен кешегі,
талтаң басып жүргендермен теңестің.
Қыстырылып босағаға,
төр тимей. 
серпілмей де келіп едің, желпінбей,
екпініңмен елді ықтырып
әп-сәтте,
тидің келіп түнгі дала өртіндей!
Енді ешкімнен қоймассың да имене,
берді құдай
кер бұғыдай кимеле,
аласың ба,
саласың ба — өзің біл, —
түйедейді айырбастап түймеге!
Түгел жұмсап алпыс екі айланы,
айырылма азуыңнан пайдалы.
Қораға да үр,
жораға жүр —
өзің біл,
керуен қайта айналғанша қайда әлі!





Пікір жазу