26.07.2021
187

Диалог
— Жазушының...
Абайға дейінгісі?
— О — нау ғой!
— Абайдан кейінгісі?
— О — нау ғой!
— Зерделі, зейіндісі?
— О — нау ғой!
— Өмірге бейімдісі?
— О — нау ғой!
— Ақылгөй ақылдысы?
— О — нау ғой!
— Батагөй, "бақырлысы"?
— О — нау ғой!
— Қолы жүріп тұрған
күшігі де үріп тұрған
татымдысы,
ханға да жақын кісі?
— О — нау ғой!
— Ақылыңнан айналайын дәл тапқан!
— Таппағанда, құдай-ау,
алты алашқа белгілі
өзіде бір... ант атқан!