23.07.2021
194

Менің де "у мен өртке" толды-ау ішім
Менің де "у мен өртке" толды-ау ішім,
Жетпейді әудем жерге зор дауысым,
Келіп ем достықты да қолдан иіп,
Көріп ем тон да киіп — тоңбау үшін.
Қайтейін,
жарамады емге бірі,
Түсінбей әлі күнге ел де мұны, —
Тонымды иығыма жапты қасым,
Досымның жатты басым...
пенделігі.
Өршітіп ішімдегі өртті күмән,
Түлкідей тіршілік те етті бұлаң.
Жылғадай ындыныңды қандырмайтын,
Тұрғаны-ай түгелденбей төрт құбылам!.