23.07.2021
151
Қызық күндерім
Қызық күндерім,
...бұзық түндерім.
тізіп тұр ма едің түзден мұң,—
саз үні тынды,
назым — ұтылды,
аз үмітімді үзген кім?
"Тірі құдайға"
түрім ұнай ма, —
құрығы қайда тағдырдың? —
Ақ таңнан арып,
жатқан қамалып,
жақпарға барып
жаңғырды үн.
Күліп те көріп,
үгітке де еріп,
үмітке беріп ырқымды,
"іріге" көніп,
тілі — бөгеліп,
бүліне келіп
жыр тынды.
Арды да аттаған,
ханды мақтаған,
сандырақтаған жыршың бар,
Соны көрем де,
солып
өлеңде
озса озсын деймін кіл сұмдар!