23.07.2021
125
Жасымда
Жасымда
(ақыры ауыр сорға ұласып),
бір қызға құшағымды көрдім ашып...
Дерліктей,
көріктінің хас тәңірі,
өзіме басқа бірі болды ғашық.
Болмасын маған пенде сезе ме тым,
біреуі —
мені көрсе безеретін,
Біреуі —
қайда барсам қарауылдап,
соңымнан күні-түні өзі еретін.
Біреуі —
құрақ ұша күлімсіреп,
тұратын жанарымен:
"Бұрылшы!" — деп.
Біреуі —
мен дегенде кекірейіп,
Кергитін,
көргендей-ақ бірінші рет.
Менсінбей,
бедірейіп — бірі мені,
біреуі үміттеніп жүріп еді.
...Екі қыз еске түссе,
есеңгіреп,
көңілім өлі күнге бүлінеді.