23.07.2021
127
Сол түні
Қуат алып құйқылжыған тәтті үннен,
күмбір қағып, көкірегім шат күлген,
аттың басын қоя беріп еркіне,
айлы түнде ағып келе жаттым мен.
Қараңғы ма, қарамадым, айналам,
құлағыма шалынады қайдағы ән,
арғымағым құстай ұшты-ау сол түні,
ауыздығын аласұра шайнаған,
Алдымдағы теңіз бе еді, көл ме еді,
қайда апара жатыр еді жол мені,
Сен болдың да маңдайдағы нысанам,
кең дүние көңілімді бөлмеді.
Кеудемдегі бар сағыныш, ентікпен,
асығып-ақ келе жаттым мен тіптен,
....Ағараңдап ақбоз үй де көрінді-ау,
баяғыда маған арнап сен тіккен!