23.07.2021
  148


Автор: Сәкен Иманасов

Қылығы бөлек көріктім едің

Қылығы бөлек көріктім едің,
көргенім сол ғой елікті менің,
құрбаның болып кетуге тегі,
көніп тұр едім...
өліп тұр едім.
Асылдың құнын аңғармай қалған,
арманым менің, шалғайға барған,
Ергенде маған ұтылмас едің,
құтылмас едің қандай қамалдан!
Көңілімді ұғып, өзімді алмаған,
көріктім едің — көзімді арбаған,
Шамдана бастар жағым бұл менің,
айтуға саған сөзім қалмаған!





Пікір жазу