23.07.2021
  3862


Жұма күнге мұсылманша тілек

Алладан медет сұрадым,

Жеңілдетсін сынағын.

Жаратқан Ием, бұйыртсын,

Жақсылығын жұманың.

Уайымынан арылтып,

Кетірсін күдік , күмәнін.

Біліп, білмей істеген,

Кешірсін бәрін күнәнің.

Дертінің ізін қалдырмай,

Шипасын берсін сұрарым?

Аман болсын ұрпағың,

Жайқала берсін құрағың.

Қамқорлығында Алланың,

Тыныштық болсын тұрағың.




Пікір жазу