"Эротикалық жыр жақұттары" қауымдастығы
Ақтөбе кентінің тұрғыны Индира Керейді естуімше Ақтөбенің әлгі жері қарақты тұрғындарының барлығы таниды. Жалпы Гастарбайтердің муахалаларын анда-санда өз газеттерінде жариялағаны болмаса(сілтеме беріп көрсетіп), нәзік жүрегіде бар. Ол — өлең шығарады. Оның кейбір туындылары — нағыз эротика! Эротика болғанда- махаббат майданындағы от сезiм мен жан толқытқан әрекеттердi сипаттайды. Эротика — айқаласқан тайталас сәттегi сезiм селiнiң сыпайы толғағы, ол порнография, яғни былапыт, дөрекi тiлмен көсiлтетiн күнәһар емес, нағыз пәк тiлмен ашық айтылатын сыпайыгер, ләззәтшiл, рахатшыл мезеттердiң суретi. Аса биік талғамды назарларыңызға келесі жыр жақұттарын ұсынып отырмын. Ал алып қойыңдар!
Түн. Қараңғы…
Жұлдыздар жымыңдап аспанда.
Кұштарлық бойды алып барады,
сен маған кұшағыңды ашқанда…
Бiлесің, мен қарсы болмадым,
ойым да ләззатқа бөлендi.
Балқытты ашқарақ қолдарың,
тынымсыз аралап денемдi…
Әлсіреп жетерміз ақ таңға,
жек көрiп күн берер жарықты.
Ләззатқа өртеніп жатқанда,
Бюстгальтер адыра қалыпты…
Айтпашы дәнеме, жөнiңдi.
Соңына жеткенше болшы әлдi!
Қызулы, қайратты қолыңды,
қос анар қасқайып қарсы алды…
Денемдi күйдiрді ыстық сыз,
екеуге куәгер бұл қала!
Әп сәтте қалыпқа түстік біз,
анадан туғандай үр жаңа!
Талықсып, балқимын, түрленем,
Денемді қытықтап суйгенде.
Көктегі қақталдым күнге мен,
Кіндікке ерінің тигенде.
Гүл атып құштарлық көктемi,
Ләззаттың жемiсін бередi!
Үркуге себеп жоқ, өйткені,
үстіме тау кұлап келедi…
Оңаша өзіңмен қалғанмен,
толқыды әйтеуір бұл жүрек.
Сендегі қайратты қанжармен,
тастадың армансыз тілгілеп…
Қайтейiк тән деген тентекті?
Біздерге ол сірә қорғаныс…
Тереңге шын батып, әкетті:
толқындай тербелген қозғалыс…
Сүйе түс! Бал шырын тамады,
теңер ем мен оны бұлаққа!
Шабыстың бiтетiн шағы әнi,
Жағымды үн естілді құлаққа…
… Құмарды кандырып өртеп ек,
ұлы айқас бітті енді қан майдан…
Кеудеңде жатырмын еркелеп,
Сүйгізіп өзіне маңдайдан.
Индира Керей