23.07.2021
194
Айдын көлім
Айдын көлім,
не болады аяғы?
Әй, білмедім,—
тел шөгеріп еңсемді,
көңілімді,
өршеленіп барады қайғым менің!..
Айна көлім,
ақ батаңа қолымды жайған едім,—
бірте-бірте жағасы жаймалана,
қайда бара жатырсың, қайран елім?
Алакөлім,
аңсары ауып тұратын балаң едім.
Не болар деп ендігі өмірі де,
көңіліме бірауық қара менің!
Әй, білмедім,
кеше сен де өзімдей айбынды едің,
жағасы да,
даласы жүдей түсіп,
үдей түсіп бара ма қайғым менің.
Жасымаса деп едім айдын көлім,
әй, білмедім,
білмедім,
әй, білмедім!..