22.07.2021
  132


Автор: Сәкен Иманасов

Жұрт едік қандай

Жарыла жаздап ызадан,
жаныма бәрі, батады:
Жиылып келіп жүз ағаң
бір итті мақтап жатады.
Қалтырамаса өле ме,
қорғанып,
көкке жетті үні,—
сөзімді сол бір немеге
жеткізер ме екен деп бірі.
Біреуге ісі түсті ме,
сол ғана кісі
сол — құдай,
Телміртіп қойған күштіге,
тағдырдың мына қорлығы-ай!
Келіп бір қалып енді рет,
қасына барған күндері,
Маған да қолын берді, деп,
мақтанып айтып жүргені!
Жағымпаз шіркін кімді ұққан,
амандасқаны — әлі мақтан.
Құтылмай қойған құлдықтан,
жұрт едік қандай тәңірі атқан!





Пікір жазу