22.07.2021
  141


Автор: Сәкен Иманасов

Ойдан-қырдан жиналған

Ойдан-қырдан жиналған,
Ойһой, неткен көп құдай!
тіліме еріп,
иланған
тірі жанның жоқтығы-ай!
Апыр-ай, ә!
Бүгін ел
асып-тасып кеткен бе,
ара-тұра жүгінер
арасында жоқ пенде.
өзге түкті көрместен
көз кетіпті аспанға,
жерде туып,
елде өскен
осы біздің жастар ма?
Сарқыла айтқан сырыңды,
бірі тыңдап,
бірі ұқпай,
ел көрмеген бұрынғы,
кердеңдеген қылықты-ай!
Бездің қанша, безіндің —
жаман қатты керек ең,—
ақтарылған сөзіңнің
астары бар демеген.
Кесір екен кісіге
құдайдың да көптігі,—
үңілердей ішіңе,
жүгінердей жоқ бірі.





Пікір жазу